🎭560 мың жас көрермен: Қазақстан театрларында балаларға арналған қойылымдар көбейіп келеді
📌2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан театрларында балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 948 спектакль қойылып, оларды 559 885 көрермен тамашалады.
Балаларға арналған қойылымдарды жас көрермен театрлары, қуыршақ театрлары және жастар театрлары тұрақты түрде жаңартып келеді. Сахнада классикалық және заманауи шығармалар, халық ертегілері желісімен қойылған спектакльдермен қатар, тәрбиелік және танымдық мазмұндағы қойылымдар ұсынылады.
Бұл бағытта жас көрермен театрларының орны айрықша. Театр балалармен қатар жасөспірімдерге де арналған қойылымдарды сахналап, достық, жауапкершілік, таңдау жасау және ұлттық мәдени мұраны құрметтеу сияқты маңызды тақырыптарды арқау етеді.
Балаларға арналған қойылымдар халықаралық деңгейде де жоғары бағасын алып келеді. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Ұлпан» спектаклімен Бішкекте өткен «ART-ORDO» халықаралық театр фестивалінде Бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар қойылым «Үздік сценограф», «Үздік ер адам рөлі» және «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» аталымдары бойынша марапатталды.
🎭560 тысяч юных зрителей: театры Казахстана развивают детский репертуар
📌В первом полугодии 2026 года театры Казахстана показали 3948 спектаклей для детской аудитории. Их посетили 559 885 юных зрителей.
Детский репертуар развивают театры для детей и юношества, театры кукол и молодежные театры. На сценах были представлены постановки по классическим и современным произведениям, сказкам, а также спектакли воспитательного и просветительского характера.
Особое место в этом направлении занимают театры для детей и юношества. Они работают не только с младшей аудиторией, но и с подростками, поднимая темы взросления, дружбы, ответственности, выбора и уважения к культурному наследию.
Детское направление получило признание и на международной сцене. Казахский государственный академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова со спектаклем «Ұлпан» завоевал Гран-при Международного театрального фестиваля «ART-ORDO» в Бишкеке. Постановка также получила награды в номинациях «Лучший сценограф», «Лучшая мужская роль» и «Лучшая мужская роль второго плана».
🚀Aitu | Instagram | TikTok