⚜️ Ғылым және жоғары білім министріне AIT жұмыстарының нәтижелері таныстырылды
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде халықаралық ETS (Educational Testing Service) ұйымының өкілдерімен кездесу өтті. Жиын барысында Admissions Insight Test (AIT) жаңа қабылдау емтиханын әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмыстың аралық қорытындылары шығарылды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қолданыстағы бағалау жүйесіне жүргізілген талдамалық зерттеулерді қамтитын жобаның алғашқы екі кезеңінің нәтижелері, сондай-ақ екі аптаға созылған қарқынды бірлескен жұмыстың қорытындысы ретінде әзірленген AIT жаңа қабылдау емтиханы тұжырымдамасының жобасы таныстырылды.
Жобаның барлық кезеңінде ETS сарапшылары Ұлттық тестілеу орталығының мамандарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді. Емтихан тұжырымдамасы білім беру саласындағы халықаралық бағалау тәжірибесі мен қазақстандық мамандардың білімді бағалау жүйесіндегі кәсіби тәжірибесін ұштастыру нәтижесінде әзірленді.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
⚜️ Министру науки и высшего образования представлены результаты разработки AIT
Сегодня в Министерстве науки и высшего образования РК состоялась встреча с представителями международной организации ETS (Educational Testing Service), в ходе которой были подведены промежуточные итоги совместной работы по разработке нового вступительного экзамена Admissions Insight Test (AIT).
Министру науки и высшего образования РК Саясату Нурбек были представлены результаты первых двух этапов проекта, включающих аналитическое исследование действующей системы оценивания, а также проект концепции нового вступительного экзамена AIT, разработанный по итогам двух недель интенсивной совместной работы.
На всех этапах проекта эксперты ETS тесно взаимодействовали со специалистами Национального центра тестирования. Разработка концепции экзамена стала результатом объединения международной экспертизы в области образовательных измерений и практического опыта казахстанских специалистов в сфере оценки знаний.
🔗 Подробнее: gov.kz